Тоқаев QazVac-ты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіміне қосуды ұсынды

10 Маусым 2021, 18:07
7506
Бөлісу:
Тоқаев QazVac-ты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіміне қосуды ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық QazVac вакцинасын Дүнежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіміне қосуды ұсынды.

Қазақстан вакцина шығарып жатқан әлемдегі санаулы елдердің бірі екенін атап өткім келеді. Қазақстан ғылыми әлеуетінің арқасында коронавирусқа қарсы QazVac қарсы өзінің вакцинасын шығара алды, - деді Президент. 

 Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшылығымен стратегиялық маңызды келіссөздер өрбігенін айтты.

 

Өткен аптада ДДСҰ бас директорымен кездесіп, QazVac-ты төтенше жағдайларда қолдануға ұсынылатын дәрі-дәрмектер тізіміне қосу мәселесін ұсындым.  Біз вакцина өндірісін ұлғайтуға және оны шетелге экспорттауды ұйымдастыруға дайын екенімізді атап өткім келеді, - деді Мемлекет басшысы. 

Бұған дейін Президент елдің экономикалық өсу перспективалары туралы айтты.

Өзгелердің жаңалығы