Тоқаев: Моноқалалар ел экономикасына елеулі үлес қосып отыр

4 Қараша 2021, 11:41
1427
Бөлісу:
Тоқаев: Моноқалалар ел экономикасына елеулі үлес қосып отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екібастұз қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңес басталды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Қазақстанда 89 қала бар. Соның 27-сі немесе 30 пайызы - моноқалалар. Онда 1 миллион 400 мың адам тұрады. Бұл - халқымыздың 8 пайызы. Қазір моноқалалар экономикамызды дамытуға едәуір үлес қосып отыр. Олар өндірістік өнеркәсіп өнімдерінің 40 пайызға жуығын өндіреді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, моноқалалардың экономикасын әртараптандыру айрықша маңызды.

Басқа да салаларды дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу - аса өзекті мәселе. Бізде әлі күнге дейін моноқалаларды өркендетуге қатысты нақты ұстаным мен ортақ пікір жоқ, - деді Президент.

Өзгелердің жаңалығы