Тоқаев мектептердегі орын қажеттілігін шешудің жолдарын айтты

1 Қыркүйек 2021, 12:26
9796
Бөлісу:
Тоқаев мектептердегі орын қажеттілігін шешудің жолдарын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

Орта білімдегі өзекті мәселе мектептердегі орынның жоқтығы болып отыр. Қажеттілік 225 мыңды құрап отыр. Егер жылдам шаралар қабылдамасақ, ол 1 млн-ға жетуі мүмкін. Осыған дейін 2025 жылға дейін 800 мектеп салуды тапсырдым. Бүгін бұл санды 1000-ға жеткізуді тапсырамын. Құрылысқа мемлекеттік бюджеттен бөлек жеке секторды тарту керек, - деді ол.

Тоқаев атағандай, ауылдық толық қамтылған мектептерді адам басына қаржыландыруға көшу керек.

Мамандыққа бейімдеуді мектептен бастау керек. Өскелең ұрпақ болашақта мамандықты таңдауға дұрыс қарауы керек. Біз техникалық тегін біліммен қамтамасыз етуді жалғастырамыз, - деді ол.

Айта кетейік, Президенттің Жолдауы барлық республикалық телеарна мен негізгі радиостансалардан онлайн көрсетіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы