Тоқаев медицина мамандығында оқитын студенттердің стипендиясын көбейтуді тапсырды

25 Ақпан 2021, 12:57
1704
Бөлісу:
Тоқаев медицина мамандығында оқитын студенттердің стипендиясын көбейтуді тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында айтты. 

Президент медицина және білім саласында кадр дайындау туралы айтты.

Біз бүгінде бұл кадрлардың тапшылығын сезіп отырмыз. Бұл - жедел шешімді қажет ететін маңызды әрі күрделі мәселе. Біз дәрігерлер мен ұстаздардың жалақысын көтеріп жатырмыз. Осыған дейін педагог мамандығына оқып жатқан студенттердің стипендиясын арттыру туралы шешім қабылдадық. Бұл қадам оңтайлы көрсеткіш берді. Сондықтан медицина мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттердің стипендиясын көтеру қажет, - деді Тоқаев. 

Мемлекет басшысы ақпараттық-коммуникация технологиялар саласындағы білімнің маңыздылығына тоқталды.

Біз оған карантин кезінде көз жеткіздік. Бұл қадам оқушылар арасындағы цифрлық теңсіздікті жояды. Бұл бағытты қашықтан оқыту бойынша дамыту қажет деп есептеймін, - деді Мемлекет басшысы. 

Тоқаев отандық білім беру ресурстары мектептер үшін тариф тегін берілуі керек екенін айтты.

Бұл мәселені Үкіметке қарауды тапсырамын, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы