Тоқаев ластанған 10 қаланы газға қосуды тапсырды

1 Қыркүйек 2021, 12:40
5607
Бөлісу:
Тоқаев ластанған 10 қаланы газға қосуды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

Еліміздегі экология мәселесі басты назарда болуы керек. Әсіресе, ауаның тазалығы айрықша маңызды. Сондықтан мейлінше ластанған 10 қаланы орта мерзімгі кезеңде газға немесе баламалы қуат көзіне көшірген жөн. Биыл батыс өңірлерін газбен қамтамасыз ету үшін  жалпы сомасы 700 млрд теңге болатын 3 жобаны жүзеге асыру басталады, - деді ол.

Тоқаев оған Қашағандағы газ өңдеу зауыты мен Мақат солтүстік Кавказ, «Бейнеу – Жаңаөзен» газ құбырын жаңғырту кіретінін айтты.

БҰҰ алдағы 10 жылда жаһандық деңгейде су ресурсының тапшылығы болады деп жоспарлап отыр. 2030 жылға қарай су тапшылығы көлемі 40 пайызға жетуі мүмкін. Сондықтан біз жаңа технологияларды цифрландыру арқылы суды үнемдеуге көшуіміз керек. Үкімет бұл бойынша нақты шешім қабылдауы керек, - деді ол.

Айта кетейік, Президенттің Жолдауы барлық республикалық телеарна мен негізгі радиостансалардан онлайн көрсетіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы