Тоқаев кеңес отырысында Дорофеевтің отбасына көңіл айтты

25 Ақпан 2021, 11:28
2244
Бөлісу:
Тоқаев кеңес отырысында Дорофеевтің отбасына көңіл айтты
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев журналист Михаил Дорофеевтің қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Танымал журналист Михаил Дорофеев осы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі болған. 

Арамыздан кеңес мүшесі, танымал журналист Михаил Дорофеев өмірден өтіп кетті. Біз Михаил Дорофеевті отандық ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына елеулі үлес қосқан танымал тұлға, талантты медиаменеджер ретінде таныдық. Оның белсенді азаматтық ұстанымы мен адамгершілік қасиеті жоғары бағаланатын. Михаил Дорофеевтің жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Естеріңізге сала кетсек, қаңтар айында танымал журналист, Informburo ақпараттық-сараптамалық интернет порталының бас редакторы Михаил Дорофеев 49 жасында қайтыс болды.

Өзгелердің жаңалығы