Тоқаев инфляция деңгейін 4-6% дәлізіне қайтаруды тапсырды

1 Қыркүйек 2021, 11:48
2947
Бөлісу:
Тоқаев инфляция деңгейін 4-6% дәлізіне қайтаруды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

Біз инфляцияның реттелмейтін өсіміне тап болдық. Ұлттық банк пен Үкімет әлемдік тенденцияларды сылтауратып, оны реттеуге шарасыз екенін айтады. Бұл Ұлттық экономиканың әлсіздігін көрсетеді. Біздің кәсіби экономистердің рөлі не деген мәселе туындайды. Ұлттық банк пен Үкімет инфляция деңгейін 4-6% дәлізіне қайтаруы керек, - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы дағдарысқа қарсы шаралар аясында 6,3 трлн теңге көлемінде экономикада артық қаржы қалғанын айтты.

Бұл қаржы жетпей қалатын салалар бар. Екінші дәрежедегі банктер шағын жобалармен жұмыс істемейді. Ол, әсіресе, ауылдарға байланысты болып отыр. Сондықтан микроқаржы ұйымдарының әлеуетін пайдалану керек. Ұлттық банк пен Қаржылық реттеу агенттігі бұл мәселе бойынша іс-шаралар топтамасын әзірлеуі керек, - деді Тоқаев.

Айта кетейік, Президенттің Жолдауы барлық республикалық телеарна мен негізгі радиостансалардан онлайн көрсетіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы