Тоқаев ең төменгі жалақы деңгейін 42 500 теңгеден 60 мыңға ұлғайтуды тапсырды

1 Қыркүйек 2021, 13:06
1299
Бөлісу:
Тоқаев ең төменгі жалақы деңгейін 42 500 теңгеден 60 мыңға ұлғайтуды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

Менің бастамаларым – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Ең төменгі жалақы деңгейін қайта қарау уақыты туды. Бұл маңызды макроиндикатор және халықтың әл-ауқатын арттыру болып табылады. Ең төменгі жалақы деңгейі 2018 жылдан бері жоғарылаған жоқ. Әлемдік коронавирус дағдарысы халықтың табысына қысымды күшейтті. Ең төменгі жалақы деңгейі бойынша Қазақстан ТМД елдерінен төмен, - деді Тоқаев.

Ол 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы деңгейін 42500 теңгеден 60 мыңға дейін ұлғайтуды тапсырды.

Бұл көрсеткіш барлық еңбек етіп жүргендерді немесе 1 млн-нан астам адамды қамтиды. Бұл көлеңкелі жалақы қорын азайтады. Ең төменгі жалақының артуы экономикалық өсімді ішкі тұтыну есебінен жоғарылатады. Ең төменгі жалақыны есептілік көрсеткіш ретінде қолданбауды сұраймын. Парламент жыл соңына дейін қажетті заң жобасын тапсыруы керек, - деді Тоқаев.

Айта кетейік, Президенттің Жолдауы барлық республикалық телеарна мен негізгі радиостансалардан онлайн көрсетіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы