Тоқаев екінші рет екпе алды

27 Сәуір 2021, 20:05
1441
Бөлісу:
Тоқаев екінші рет екпе алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін «Спутник V» вакцинасының екінші компонентін алды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы хабарлады.

Екпе салдырғаннан кейін Президенттің денсаулығында ешқандай кінәрат байқалған жоқ. Өзінің жұмыс кестесіне сәйкес қызметін қызу атқарып жатыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі вакцинация қарқынын төмендетпеу керек деп санайды. Мемлекет басшысы екпе салдыру барлық шектеуден арылтып, қайта қалыпты өмірге бастайтын, COVID-19 пандемиясын жеңетін жалғыз жол екеніне кәміл сенеді, - деп жазды Берік Уәли.

Өзгелердің жаңалығы