Тоқаев екі мемлекеттік бағдарламаның мерзімін ұзартты

1 Қыркүйек 2021, 11:20
1439
Бөлісу:
Тоқаев екі мемлекеттік бағдарламаның мерзімін ұзартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты. 

«Қарапайым заттар экономикасы» мен «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімін 2022 жылға дейін ұзартуға шешім қабылдадым. Бұл бағдарламаларға 1 трлн теңге қаржы бөлінеді. Қазақстан салыстырмалы түрде пандемияның салдарын жақсы еңсеріп келеді. Бұл - біздің басымдығымыз. Алайда Ұлттық трансферт пен бюджеттің қаржысы шексіз емес. Бюджеттің ұлғайтылуын қамтамасыз ету керек, - деді ол.

Айта кетейік, Президенттің Жолдауы барлық республикалық телеарна мен негізгі радиостансалардан онлайн көрсетіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы