Тоқаев Дорофеевтің отбасы мен жақындарына көңіл айтты

30 Қаңтар 2021, 20:52
2032
Бөлісу:
Тоқаев Дорофеевтің отбасы мен жақындарына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев журналист Михаил Дорофеевтің қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Белгілі журналист, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Михаил Дорофеевтің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтамын. Біз Михаил Дорофеевті отандық ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына елеулі үлес қосқан танымал тұлға, талантты медиаменеджер ретінде таныдық. Оның белсенді азаматтық ұстанымы мен адамгершілік қасиеті жоғары бағаланатын. Михаил Дорофеевтің жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады, – делінген көңіл айту жеделхатында.
Өзгелердің жаңалығы