Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
Бүгін Парламенттің кезекті сессиясы басталмақ. Алдымызда көптеген маңызды міндет тұр. Әрбір заң жобасының қыр-сырына терең үңіліп, оны сапалы дайындау керек. Сіздер халықтың мүддесін қорғау үшін әрдайым табандылық танытуға тиіссіздер. Әрбір шешім халықтың сұранысы мен мемлекеттің мүддесін ескере отырып қабылдануы керек. Осы жұмыста сіздерге сәттілік тілеймін, - деді Тоқаев.
Айта кетейік, Президенттің Жолдауы барлық республикалық телеарна мен негізгі радиостансалардан онлайн көрсетілді.