Тоқаев 600 мың азаматтың жалақысы көбейетінін айтты

1 Қыркүйек 2021, 13:12
2552
Бөлісу:
Тоқаев 600 мың азаматтың жалақысы көбейетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

2020 жылдан бастап 600 мыңнан астам педагог пен медицина қызметкері, әлеуметтік сала қызметкерінің жалақысы өсті. Бірақ бюджеттен ада қаржыландырылатын қызметкерлер одан тыс қалды. Олар: кітапханашылар, қорықшылар, мәдениет қызметкерлері, мұрағатшылар, техника қызметкерлері мен көлік жүргізушілер және өзгелері, - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы 2022 жылдан 2025 жылға дейін осы қызметкерлердің жалақысы жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіп отыратынын айтты.

Тұтастай алғанда тағы 600 мың отандасымыз бұл бастаманың игілігін көреді, - деді ол.

Айта кетейік, Президенттің Жолдауы барлық республикалық телеарна мен негізгі радиостансалардан онлайн көрсетіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы