Тоғжановтың төрағалығымен ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

17 Ақпан 2022, 21:25
1034
Бөлісу:
Тоғжановтың төрағалығымен ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ел аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. 

Ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бизнес пен тұрғындарға қатысты шектеу шараларын жеңілдетуді мақұлдады:

 ​Бизнес үшін: 

"Ashyq" бойынша "жасыл" және "көк" мәртебесі бар адамдар үшін (келушілерде) эпидемиологиялық қатердің "жасыл" және "сары" аймақтарында – шектеусіз, "қызыл" аймақта – толымдылығы 70% - ға дейін шектеумен (әлеуметтік қашықтықты, маскалық режимді, күшейтілген сан-дез режимін сақтау) рұқсат етіледі: ️ сауда, ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда алаңы 1000 шаршы метрден асатын сауда желілерінің (азық-түлік емес), сауда алаңы 6000 шаршы метрден асатын сауда желілерінің (азық-түлік), бассейндердің, ойын, түнгі клубтардың, караоке қызметіне; ️ көрмелер, марафондар, спорттық, салтанатты, естелік, отбасылық іс-шаралар (банкеттер, еске алу), конференциялар, форумдар, ойын-сауық, ұжымдық құлшылық ету және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шаралар өткізуге; 

балалардың ойын-сауық орталықтары, лотерея клубтары мен букмекерлік кеңселердің толымдылығына қатысты шектеулер алынып тасталды. 

эпидемиологиялық қауіп аймағына қарамастан (“қызыл”, “сары” және “жасыл”) ұйымдар мен кеңселердің оффлайн режимде жұмыс істеуі үшін шектеулер (80%, 50% және 30%) алынып тасталды; Тұрғындар үшін: 

егер екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаса, ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған ҚР азаматтары үшін елге кірер кездегі міндетті ПТР-тестілеу тоқтатылады; 

ПТР тестінсіз вакцинация паспорттарын өзара мойындайтын шетел азаматтарына елге кіруге рұқсат етіледі;

ауру белгілері болмаған жағдайда науқаспен байланыста болған адамдарды үй карантиніне оқшаулау тоқтатылады ("Ashyq" жобасынан "сары" мәртебесін алып тастау). 

Pfizer вакцинасын қолдану рұқсат етіледі: ️ мүмкіндігі шектеулі адамдар (барлық топтағы мүгедектер) мен 50 жастан асқан адамдарға ревакцинациялау кезінде; ️ вакцинациялау үшін: ️ мүмкіндігі шектеулі тұлғалар (барлық топтағы мүгедектер); ️ Қазақстаннан тыс жерлерде екпенің бірінші компонентін алған адамдарға вакцинациялау курсын (екінші доза) аяқтау үшін рұқсат етіледі. Кеңес соңында Ералы Тоғжанов әкімдіктерге вакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды, ол үшін мамлекет вакциналардың жеткілікті санын бөлді. Сонымен қатар, жергілікті жерлерде Үкімет қабылдайтын іс-шаралардың орындалуын бақылауға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті. 

Өзгелердің жаңалығы