Цой: Эпидемияға қарсы шараларға 50 мыңға жуық медқызметкер жұмылдырылды

6 Қыркүйек 2021, 19:30
17138
Бөлісу:
Цой: Эпидемияға қарсы шараларға 50 мыңға жуық медқызметкер жұмылдырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысы өтті.

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелері, ҚР Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2021-2025 жылдарға арналған «Дені сау ұлт» ұлттық жобасын қалыптастыру тәсілдері, медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру, санитариялық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру және ҚР биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды іске асыру және медициналық ұйымдарға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізу мәселелері талқыланды.

Цой: Эпидемияға қарсы шараларға 50 мыңға жуық медқызметкер жұмылдырылды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой атап өткендей, елдің денсаулық сақтау жүйесі КВИ пандемиясына байланысты туындаған сын-қатерлерге екінші жыл қарсы тұруда. Қабылданған шаралар елдегі эпидемиологиялық жағдайды сақтауға мүмкіндік береді. Республикада халықты КВИ-ға қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша жұмыс жалғасуда, Денсаулық сақтау жүйесінің барлық ресурсы жұмылдырылды.

Эпидемияға қарсы іс-шараларға 49 705 медицина қызметкері, резервке 9 100 медицина қызметкері жұмылдырылды. Сұранысқа ие мамандықтар бойынша біліктілікті арттыру 11 мың 800 маманмен қамтамасыз етілді. Өңірлерге 4 641 жас маман бөлінді. 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы: дәрігерлерге 30%-ға, орта медицина қызметкерлеріне 20%-ға өсті. Халыққа медициналық қызмет көрсетуді жақындату үшін мобильді медицина белсенді түрде енгізілуде. 2021 жылдың соңына дейін жылжымалы медициналық кешендердің күшімен 2,6 млн адамды қамту жоспарлануда, - деді Цой.
Электрондық денсаулық сақтауды дамыту шеңберінде бірқатар шешім іске асырылды, соның арқасында қан алуды ресімдеу уақыты 2,5 есе, учаскелік дәрігерге және тар мамандарға жазылу – 5 есе, зертханалық және диагностикалық зерттеулерге жолдамалар тағайындау – 3,5 есе, үйге шақыруларға қызмет көрсетуді ресімдеу және зертханалық зерттеулер нәтижелерін алу – 5 есе қысқартылды.

Цой: Эпидемияға қарсы шараларға 50 мыңға жуық медқызметкер жұмылдырылды

Жасалған жағдайға қарамастан, күрделі эпидемиологиялық ахуал және елдің денсаулық сақтау жүйесі тап болатын сын-тегеуріндерге жаңа шешімдерді талап етеді. Мемлекет басшысы 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген вакциналарды сатып алуды жеделдету қажеттігін атап өтті, сондай-ақ биоқауіпсіздікті болжаудың ұлттық жүйесін құруға, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама зертханаларын халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жоғары технологиялық жабдықпен қамтамасыз етуге, 137 тірек елді мекенде фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер мен дәрігерлік амбулаторияларды дамытуға бағытталған бірқатар басқа да тапсырмалар берді.

ҚР Президентінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген барлық тапсырмасын денсаулық сақтау министрлігі көрсетілген мерзімде іске асыратын болады, - деді министр.


Өзгелердің жаңалығы