Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысы өтті.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Е.Қиясовтың баяндамасын тыңдағаннан кейін Вице-премьер қабылданып жатқан шаралар елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға ықпал ететінін атап өтті. Бүгінгі күні инфекциялық төсектердің толымдылығы 55%-ды, реанимациялық төсектердің жүктемесі - 47%-ды құрайды.
Дегенмен Е. Тоғжанов бірқатар өңірде, атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында халықты вакцинациялаумен қамту бойынша жұмыс белсенділігінің төмен екенін атап өтті.
Сондай-ақ, Ақмола, Маңғыстау, Атырау және Қостанай облыстарында тұрғын үй аулаларын аралау арқылы халық арасында екпе жұмыстарының ұйымдастырылмағандығы атап өтті.
Осыған байланысты Премьер-министрдің орынбасары анықталған кемшіліктерді түзету бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
Сонымен қатар мемлекеттік органдарға келесідей тапсырмалар берілді:
- 2021-2022 жылдарға арналған COVID-19-ға қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел іс-қимыл жоспарын әзірлеу.
- қызмет көрсету саласында вакциналанбаған қызметкерлерді анықтау жөніндегі мониторингтік топтардың іс-қимыл алгоритмін бекіту.