Тоғжанов қазақстандықтарға: Босаңситын уақыт емес, індеттің шарықтау шегіне жететін кезі әлі алда
18 Қаңтар, 18:48 582

Тоғжанов қазақстандықтарға: Босаңситын уақыт емес, індеттің шарықтау шегіне жететін кезі әлі алда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов хабарлады. Оның айтуынша, вакцинация мен санитарлық нормаларды қатаң сақтау – аурудан құтылудың жалғыз тиімді жолы.

Соңғы уақытта біз қырағылық танытуды, маска тағуды, антисептик қолданып, әлеуметтік арақашықтық сақтауды тоқтаттық. Азаматтарымыздың көпшілігі өзін-өзі оқшаулауға қойылатын талаптарды ескермей, маңайындағыларды ойламайды. Халық көп жиналатын жиындар өткізу мен оған баруды кейінге қалдыра тұрған жөн. Босаңситын уақыт емес, індеттің шарықтау шегіне жететін кезі әлі алда, - деді Ералы Тоғжанов.

Сонымен қатар ол пандемия кезіндегі қайғылы оқиғалардың қайталанбағанын қаласақ, санитарлық қызметтердің нұсқаулығын ұстануымыз керек деп отыр.

Сондықтан тағы да қайталап айтамын, әр қазақстандыққа өзінің, жақындарының денсаулығын ойлап, жақын арада вакцинация мен ревакцинациядан өтуге кеңес беремін, - деп атап өтті Үкімет басшысының орынбасары.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...