Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкіметтің отырысында мониторинг топтарының жұмысы қай аймақта тиімсіз екенін айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мониторинг жұмыстарына қатысты нақты тапсырмалар берді. Жыл басынан бері 65 мың рейд жүргізілді. 400 мыңнан аса объект қамтылып, 12 мың бұзушылық анықталды, - деп түсіндірді ол.Тоғжанов мониторинг топтарының тиімсіз жұмысы қай өңірлерде анықталғанын атады.
Атырау облысында 30 мың объектіге жүргізілген рейд барысында небәрі 123 бұзушылық қана тіркелген. БҚО-да рейд жүргізілген 17 мың объектінің 47-сінде ғана бұзушылық анықталған. Маңғыстау облысында рейд өткізілген 6,5 мың объектінің 18-інде ғана бұзушылық фактілері тіркелген, ал Павлодар облысында 25 900 объектіге жүргізілген рейд кезінде 165 бұзушылық анықталған, - деп айтты премьер-министрінің орынбасары.Оның сөзінше, жыл басынан бері барлық өңір бойынша азаматтардың қоғамдық орындарда жаппай жиналуына байланысты 5 мыңға жуық өрескел бұзушылық анықталып отыр. Оның ішінде 4 000 факті мейрамханалар мен түнгі клубтардың шектеу уақытынан тыс жұмыс істеуімен, мыңға жуық факті той өткізумен байланысты.
Мысалы Нұр-Сұлтан қаласын 13 сәуірде «Хан талапай» мейрамханасында 160 адамның қатысуымен той өткізілген. Шектеу шараларын бұзудың 957 фактісі анықталып, оның ішінде 247 өрескел бұзушылықтың жолы кесілді. Қалған 11 өңірде мобильді топтардың жұмысы төмен ұйымдастырылған. Оның ішінде «қызыл аймаққа» енген БҚО-да 5 факті, оның ішінде 1 ғана өрескел факті, Ақмола облысында 13, оның ішінде 5-еуі өрескел фактісі, Қарағанды облысы 22, оның ішінде 6-сы өрескел факті, - деп айтты Үкімет мүшесі.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері қабылданған шектеу шараларының тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында не істеу керегі туралы айтты.
- мобильді мониторинг топтардың жұмысын күшейту;
- бизнес объектілерімен жұмыс жүргізе отырып, азаматтардың жиналуына байланысты өрескел фактілердің алдын алу шараларын қамтамасыз ету;
- тұрғындар арасында шектеу шараларын сақтаудың маңызы туралы ақпаратты түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
- шектеу шараларының жағдайына байланысты бизнестің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз мақсатында «Ashyk» жобасын қолдануға кәсіпкерлерді тарту жұмыстарын күшейту әкімдердің тікелей қадағалауында болуы қажет.