Тоғжанов көпбалалы аналар мен жастарға арналған жұмыс орындары туралы айтты

6 Сәуір 2022, 10:57
2207
Бөлісу:
Тоғжанов көпбалалы аналар мен жастарға арналған жұмыс орындары туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Мәжілістің жалпы отырысында айтты. 

Экономиканың барлық саласында жаңадан ашылатын 2 млн жұмыс орнының табысын арттыру, оның ішінде бұрын сырттан әкелінген өдірістегі сұранысқа ие тауарлардың 19 түрі бойынша жаңа кәсіпорындар құру. Оның ішінде фармацевтика, биотехнология, мұнай-химия саласындағы шикізаты жоғары 5-6 деңгейде өңдеуге негізделген өңдеуші өнеркісіп арқылы жүзеге асырылады. Ірі кәсіпорындар айналасында шағын және орта бизнес белдеуін құру арқылы кәсіпкерліктен түсетін табысты арттыру қарастырылған. Бұл бұрыннан елдің көкейінде жүрген мәселе, - деді Тоғжанов. 

Ол атағандай, «Бақытты отбасы» сияқты жобалар арқылы көпбалалы және мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған аналарға жыл сайын  20 мың жұмыс орны құрылады. 

«Жастар практикасы», «Бірінші жұмыс орны» жобалары арқылы грант беру арқылы 160 мың жасты жұмыспен қамту қарастырылған, - деді Ералы Тоғжанов. 

 

Өзгелердің жаңалығы