Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ғылым қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
Сіздерді 12 сәуір – Қазақстан Республикасы Ғылым қызметкерлері күні кәсіби мерекемен шын жүрегімнен құттықтаймын. Еңбектің ең үлкені - ғылым! Оны дамыту - бәсекеге қабілетті ел болудың негізгі шарты. Егемен еліміздің дамуы жолында бұл саланың орны ерекше, - деді Ералы Тоғжанов.
Премьер-министрдің орынбасары ғылымды дамытуға үлес қосып жатқандарға алғысын білдірді.
Тәуелсіз Қазақстанды заман талабына сай өркендетуге, еліміздің алға бастаушы күші – ғылымды дамытуға қосқан елеулі үлестеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Білім-біліктілігіңіздің арқасында жаңа бастамалардың, жаңа ізденістердің, жаңа идеялардың көшбасшысы болып жүре берулеріңізге тілектеспін! Сіздерге шығармашылық шабыт, бастамаларыңызға табыс, мықты денсаулық пен сәттілік тілеймін. Еңселеріңіз биік, жүздеріңіз жарық болып, шаңырақтарыңыздың шаттығы азаймай, бақ-ырысқа кенеле беріңіздер, - деді ол.