Тоғжанов Ақтөбе қаласындағы жолдарды жөндеу жұмыстарының сапасын тексерді

30 Сәуір 2023, 14:46
4183
Бөлісу:
Тоғжанов Ақтөбе қаласындағы жолдарды жөндеу жұмыстарының сапасын тексерді
VIDEO

Ақтөбе қаласындағы жолдарды жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау мақсатында облыс әкімі Ералы Тоғжанов түнгі рейдке шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы Ақтөбеде ұзындығы 48 шақырым жол мен көшелерді жөндеу және салу бойынша 30 жобаны іске асыру жоспарланған, оның 17-сы – жаңа, 13-і – 2022 жылы басталып, биыл қайта жанданған жоба.

Мәселен, Ә. Молдағұлова даңғылы, Есет батыр және Сәтбаев көшелері бойындағы жолдарды жөндеу, Тәуелсіздік көшесі бойындағы жолды қайта жаңарту жалғасады, Кірпішті зауытындағы көпірден (Ақжар-2) Ақтөбе - Орск тас жолына дейінгі жолды аяқтау жоспарлануда. 

Өңір басшысының тапсырмасымен мердігер ұйымдар қажетті арнайы техника мен жұмысшыларды тарта отырып, тәулік бойы жұмыс істеуде.

Бүгін түнде Ералы Тоғжанов Сәтбаев, Жастар, Ә. Молдағұлова даңғылы, Қобда ауданы Қобда ауылы бағытындағы айналма жолды асфальттау бойынша жұмыстардың барысын тексерді, осы учаскелерде бекітілген мердігерлермен көшпелі кеңес өткізді. Облыс әкімі нысандарды уақытылы аяқтамаған жағдайда олардың дербес жауап беретінін еске салды. 

Жол жұмыстары стандарттарға сәйкес жүргізілуі керек, тек сапалы құрылыс материалдарын қолдану қажеттігін еске саламын. Бұл мәселе жеке бақылауымда, - деп атап өтті Ералы Тоғжанов. 
 

Өзгелердің жаңалығы