Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды

31 Тамыз 2022, 15:35
1287
Бөлісу:
Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.

Туған жылы: 1963 жылы 13 мамырда туған.

Білімі: Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген (1988 ж.). 

ҚР Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтын заңгер мамандығы бойынша тәмамдады (1994 ж.). 

Заң ғылымдарының кандидаты. Саясаттану ғылымдарының докторы.

1988-1991жж. Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасында оқытушысы.

1991-1994 жж. – ҚР Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтының аспиранты. 1994-1996 жылдары  ҚР Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтында ғылыми қызметкер.

1996 жылдан бастап 1997 жылға дейін Қазақ гуманитарлық заң университетінің Мемлекеттік қызмет және халықаралық құқық факультетінің аға оқытушысы, декан орынбасары.

1997-1999 жылдары Қазақ гуманитарлық заң университетінің Халықаралық құқық факультетінің деканы.

1999-2001 жж. Астана қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің Құқық және мемлекеттік қызмет институты филиалының директоры, кейіннен осы институттың директоры.

2001-2006 жылдары  Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы.

2008-2017 жылдары Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі хатшылығының меңгерушісі.

2017-2019 Маңғыстау облысының әкімі 

2019 жылдан ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.

2020 жылдың ақпанынан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды

2022 жылдың 5 қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Үкімет толық құрамда отставкаға кетті.

2022 жылдың 11 қаңтарында Президент Жарлығымен Премьер-министрдің орынбасары болып қайта тағайындалды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Оңдасын Сейілұлы Оразалин Ақтөбе облысының әкімі лауазымынан босатылды. Президент аймақ басшысы қызметіндегі көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты.

Өзгелердің жаңалығы