Тоғызыншы сынып оқушысы елордалық мектеп оқушыларын каратэден жаттықтыратын болды

Елорданың №76 лицейінің 9-сынып оқушысы Бекдияр Құдайберген өз мектебінің оқушыларын каратэден жаттықтыратын болды,деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

25 Желтоқсан 2024 2024, 17:15
АВТОР
 Елорда әкімдігі 25 Желтоқсан 2024 2024, 17:15
25 Желтоқсан 2024 2024, 17:15
715
Фото: Елорда әкімдігі

Елорданың №76 лицейінің 9-сынып оқушысы Бекдияр Құдайберген өз мектебінің оқушыларын каратэден жаттықтыратын болды,деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бекдияр жаттығуды "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында өткізеді. Оның өзі де каратэден айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді: Азия чемпионатын екі рет, Қазақстан чемпионатын алты рет жеңіп алды, каратэден спорт шебері және дзюдодан спорт шеберіне үміткер. Келесі мақсат – әлем чемпионатын бағындыру.

"Мен "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында спорттағы тәжірибеммен бөліскім келеді. Ерікті ретінде мен каратэден 4 және 5-сынып оқушыларын тегін жаттықтырамын, - деді Бекдияр.

Оның негізгі мақсаты - белсенді өмір салты мен оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін жағдай жасау. Ол үшін балалардың спортпен шұғылдануға және дене белсенділігін арттыруға мүмкіндігі болуы маңызды.

Наверх