Тобыл өңірінде ардагерлерге 1,5 млн теңгеден беріледі

27 Сәуір 2023, 18:16
879
Бөлісу:
Тобыл өңірінде ардагерлерге 1,5 млн теңгеден беріледі
Фото: автордан

Тобыл өңірінен кешегі сұрапыл соғысқа атанып, оқ пен оттың арасында шыбын жандарын шүберекке түйіп соғысқан ардагерлерге құрмет көрсету үрдісі дәстүрге айналған. Биылда Жеңіс мерекесі қарсаңында қатары сиреп қалған қан майданның куәгерлеріне 1,5 млн теңгеден үлестірілмек, деп хабарлайды BAQ.KZ-тің Қостанайдағы тілшісі.

Сонау фашистік Германияның зұлдымдығына қарсы тұрып, барлық жастық шақтарын қан сасыған майдан даласында өткерген ардагерлерге бұл күнде қандай құрмет көрсетілседе азық етпейді. Себебі, кеудесін оққа тосып, жауға қасқайып қарсы тұрған ардагерлердің қарасы бұл күнде жыл санап сиреп келеді. Осыны ескерген қостанайлық атқа мінерлер ардагерлерге тиесілі дәстүрлі мерекелік төлемдердің сомасы айтарлықтай өсіруді жөн санапты.

Былтыр Екінші дүниежүзілік соғысының ардагерлеріне 9 мамырға орай бір миллион теңгеден төленсе, биылдан бастап олардың әрқайсысы 1,5 млн теңгеден алады. Жасыратыны жоқ кешегі жауынгер, бүгінгі қарт ардагерлердің қатары күн өткен сайын сиреп келеді. Бұл өкінішті жағдай. Сондықтан біз оларға қандайда құрмет көрсетсек лайықты. Ол біздің азаматтық парызымыз. Себебі, біздерге бейбіт өмір сыйлаған майдангер аталарымыз бен әжелеріміз мәңгілік қарыздармыз, - дейді Қостанай қаласы әкімнің кеңесшісі Олжас Дүйсеков.

Иә, соңғы деректерге көз жүгірсек қазіргі таңда еліміз аумағында 237 соғыс ардагері бар екен. Ал, Қостанай облысында небәрі жиырма бір майдангер тұрып жатыр. Оның он екісі Қостанай қаласын мекен етуде.

Ұлы Отан соғысының ардагері бұл ақшаны 7 мамырдан кешіктірмей алмақ. Оған қалалық әкімдік уәде беріп отыр. Қала әкімінің кеңесшісі Олжас Дүйсековтың айтуына қарағанда, жақында қайтыс болған ардагер Иван Яковлевич Хиценкоға тиесілі қаражат оның отбасына берілмек. Себебі, марқұм Иван Яковлевичке тиесілі қаражат бюжедтен бөлініп қойған.

Өзгелердің жаңалығы