Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қостанайдың «Тобыл» клубы Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде сырт алаңда Люксембургтың «Женесс» командасымен тең түсті.
Ойынның алғашқы минутынан-ақ алаң иелері белсенді қимылдады. Бұл ойында «Тобылдың» жеңісіне тіпті букмекерлік кеңселердің өзі күмәндана қоймаған болатын. Бірақ анық аутсайдер саналған Люксембург командасы қорғаныста жатып алмады.
«Тобыл» футболшы уақыт өте келе тізгінді қолға алғанымен, қауіпті шабуылдар ұйымдастырған жоқ. Тек допты әрі-бері алып жүрумен шектелді. Оның үстіне «Женесс» те көп мүмкіндік бермеді.
Үзіліс кезінде Қостанай командасының бас бапкері Владимир Газзаев шәкіртерін біраз қайрап алған тәрізді. Екінші таймда белсенді ойнады. Бірақ жанкүйерлер бәрібір де гол көре алмады. Ойынға жаңа леп әкеледі деген Бауыржан Тұрысбек пен Максим Федин де аса қатты ештеңе көрсеткен жоқ. Қорытынды есеп - 0:0.
Қарымта ойын 18 шілдеде сағат 18:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді.
«Женесс» (Эш, Люксембург) - «Тобыл» (Қостанай, Казахстан) - 0:0.
«Женесс»: Сомме, Тодорович, Меддур, Фьорани, Клица, Дурьятти (Морейра, 78), Макота (Кьере, 61), Менссу, Ляпьер, де Соуза (Брэндон Роша), Штейнбах.
«Тобыл»: Балаев, Кассай, Дмитренко, Квеквескири, Нұрғалиев, Валиуллин, Канкава, Себай (Седин, 60), Жулпа, Гордейчук (Тұрысбек, 58), Бочаров.
Бас төреші: Эльдорьян Хамити (Албания)