Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек шетелдік студенттер арасында болған жаппай төбелеске қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің сөзінше, жанжалға қазақстандық студенттердің қатысты жоқ.
Мен елшіліктермен тікелей байланыстамын. Сөйлесу кезінже осы студенттерді депортациялау туралы ортақ шешім қабылдадық. Бұл - біздің ұстанымымыз. Президент жақында берген сұхбатында әрбір шетелдік өз елінде заңдарды қалай құрметтесе, Қазақстанда да оларды сақтау керек екенін айтты. Депортация мәселесі елшілікпен шешілді, – дейді Саясат Нұрбек.
Қазіргі таңда Алматы Полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр.