Тоқаевтың атынан жалған аккаунт ашылған

<h4> <p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук әлеуметтік желісінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына жалған аккаунт ашылғандығы туралы хабарлады. </p> <br> </h4>

 14 Мамыр 2020 2020, 21:45
14 Мамыр 2020 2020, 21:45
3020

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук әлеуметтік желісінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына жалған аккаунт ашылғандығы туралы хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ашылған жалған аккаунттар мен парақшалар бұған дейін де көп болған. Бола беретін де шығар. Әлеуметтік желілерде ашылып жатқан мұндай фейктерге сенудің қажеті жоқ. Өзіңіз айтып отырғандай, Қасым-Жомарт Кемелұлы Твиттерде және Инстаграмда тіркелген. Ал Фейсбукта Мемлекет басшысының атынан тіркелген барлық аккаунттар мен парақшаларға сенбеуге шақырамын - делінген Берік Уәлидің жазбасында.

Наверх