Президент Нұр-Сұлтан қаласының тазалығын қадағалауды тапсырды

2 Сәуір 2019, 17:22
8513
Бөлісу:
Президент Нұр-Сұлтан қаласының тазалығын қадағалауды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Мемлекет басшысына 2018 жылдың қорытындысы бойынша қаланың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы баяндалды.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев барлық қажетті инженерлік-көліктік инфрақұрылымды іске қосуды көздейтін және 2019-2023 жылдарға арналған елорданың шағын құрылысы жөніндегі кешенді жоспармен танысты.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев жеңілдігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін қабылданатын шаралар туралы, сондай-ақ жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі есепті тыңдады.

Соңында Мемлекет басшысы елорданы одан әрі дамыту, соның ішінде қала көшелерін, саябақтар мен гүлзарларды лайықты абаттандыру, тазалық пен тәртіпті сақтау бойынша қала мәдениетін қалыптастыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

 Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровті қабылдады

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жұмысы туралы есебі, сондай-ақ, еліміздегі адам құқықтарының сақталуы жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындардың, соның ішінде кедей отбасылар мен көп балалы аналардың негізгі құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ сотталғандарға қатыгездік көрсету фактілеріне жол бермеу үшін мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс істеу қажеттігін айтты.

Соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма беріп, құқық қорғау мәселесін жігі назарда ұстайтынын айтты.

 

·          

 

·          

Өзгелердің жаңалығы