Тоқаев Маминді қабылдады

31 Желтоқсан 2019, 12:36
6706
Бөлісу:
Тоқаев Маминді қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары баяндалды.

Қазақстан экономикасын алдағы кезеңге жұмылдыру мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар Үкіметтің 2020 жылы қаңтардың соңында өтетін кеңейтілген отырысына дайындық барысы талқыланды.

Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. 

Өзгелердің жаңалығы