Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына өзгерістер енгізілгені жайлы Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
«2 тамыздағы Жарлығыма сәйкес Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына өзгерістер енгізілді. Енді Ұлттық қордың жинақтаушы активтеріндегі алтынның үлесі 5%-ға дейін жетеді. Бұл Ұлттық қордың әлеуетін сақтап, қорғау үшін қажет»,- деп жазды мемлекет басшысы.