ТМҰ-ның бейресми саммитінде Қарабақ декларациясы қабылданды

6 Шілде 2024, 18:12
446
Бөлісу:
ТМҰ-ның бейресми саммитінде Қарабақ декларациясы қабылданды
Фото: Ақорда

Түрік мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінің қорытындысы бойынша Қарабақ декларациясы қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжатқа Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев және Түркия вице-президенті Джевдет Йылмаз қол қойды.

Айта кетейік, Шушада «Көлік, коммуникация және климаттық өзгерістерді бақылау арқылы баянды болашақ құру» тақырыбында Түркі мемлекеттері ұйымы бейресми саммиті өтті.

 

Өзгелердің жаңалығы