Түркі мемлекеттерінің ұйымы (ТМҰ) байқаушылар миссиясы АЭС құрылысы бойынша өткен республикалық референдумға байланысты қорытынды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Түркі мемлекеттерінің ұйымы (ТМҰ) миссия басшысы, Түркі мемлекеттері ұйымы бас хатшысының орынбасары Сади Джафаровтың айтуынша, ТМҰ миссиясында хатшылықтың 11 өкілі болды. Яғни ТМҰ-дан, сондай-ақ парламент, ОСК-дан және ғылыми қоғамдастықтардан өкілдер қатысты.
Миссияның қызметі Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына және халықаралық талапқа сәйкес жүзеге асырылды. 4 қазанда референдум алдындағы үдерісті бақылау шеңберінде миссия негізгі лауазымды тұлғалармен бірнеше кездесу өткізді. Бұл кездесулер бізге референдумға дайындық, халықты ақпараттандыру науқаны, шетелдегі қазақстандық азаматтардың қатысуын қамтамасыз ету жұмыстары туралы жан-жақты ақпарат берді. Миссия Астанадағы 24 референдум учаскесінде болды. Учаскелер жақсы дайындалған. Осы орындардың әрқайсысында референдумға қатысты барлық қажетті ақпарат пен материалдар берілген. Жергілікті және халықаралық байқаушылар процеске қатыса алды. Транспаренттілік қамтамасыз етілді. Референдум процесі өте дұрыс жүргізілді және ешқандай заңбұзушылықтар байқалған жоқ. Дауыс беру рәсімдері ашық түрде және нормаларға сәйкес жүргізілді. Заңсыз түрде әкімшілік немесе құқық қорғау органдарының бұл процеске араласуы байқалмады. Яғни ешқандай кедергілер байқалған жоқ, - деді халықаралық байқаушы.
Миссия халықаралық байқаушылардың транспаренттілікті және есептілікті қамтамасыз ету үшін атсалысқанын байқаған.
Байқаушылар ешқандай техникалық кедергілерді байқаған жоқ. Референдумда тәртіп сақталды. Саяси топтардың науқандары байқалмады. Ешқандай заңсыз әрекеттер болған жоқ. Дауыстарды санау процесі бақыланды және бәрі жергілікті заңға сәйкес болды. ТМҰ референдумның ашық, транспарентті, ҚР тиісті заңнамасына және халықаралық деңгейдегі сайлау нормасына сай өткізілді. Референдум Үкіметтің азаматтық қоғам мен стратегиялық мәселелер бойынша ынтымақтастыққа дайын екенін және халықпен үнемі диалог жүргізетінін көрсетті. ҚР халқын референдумның табысты өтуімен құттықтаймыз. Бұл ары қарай Қазақстандағы демократиялық басқаруды жалғастырып, дамытып, Қазақстанның әл-ауқатын күшейтеді деп сенеміз, - деді Сади Джафаров брифингте.