ТМС тікелей жасыл экономика мақсаттарында көрініс табады – Пірімқұлов

9 Желтоқсан 2020, 16:49
1514
Бөлісу:
ТМС тікелей жасыл экономика мақсаттарында көрініс табады – Пірімқұлов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының онлайн-алаңында Қазақстанда тұрақты мемлекеттік сатып алуды енгізу тетіктерін талқылады. 

Парламент Сенатында Экологиялық кодекстің жаңа редакциясы талқыланып жатыр. Жаңа кодекс ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесіне сүйеніп жасалған, қазақстандық бизнесті ынталандыруды көздейді. Сондай-ақ қоршаған ортаға қатысты шешім қабылдауда қоғамдық пікірді ескеруге бағытталған. Біз ұлттық заңнамаға жасыл технологиялар мен экономика туралы түсінікті алғаш рет енгіздік. Экология мен қоршаған ортаны ілгерілендіруге инвестиция тарту мақсатында жасалды, - деді Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов. 

Вице-министр айтқандай, осы орайда мемлекеттік сатып алу әлеуеті жасыл экономиканы дамыту бойынша негізгі қозғаушы күшке айналуы керек. 

Оның аясында халықтың әл-ауқаты артып, әлеуметтік теңдік орнайды. Оған қоса, қоршаған ортаға зиянды әсер де азаяды. Осылайша, тұрақты мемлекеттік сатып алу тікелей жасыл экономика мақсаттарында көрініс табады, - деді ол. 

Айта кетейік, семинарда сарапшылар Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың қазіргі жағдайын талқылайды, тұрақты мемлекеттік сатып алуға жаһандық шолу жүргізеді және жаңа стандарттарды енгізу әдістерін әзірледі.

Тұрақты Мемлекеттік сатып алу - оның шеңберінде ұйымдар тауарларға, көрсетілетін қызметтерге, жұмыстарға және инфрақұрылым объектілеріне өз қажеттіліктерін бүкіл өмірлік цикл бойы қаражатты тек ұйымдардың өздері ғана емес, сондай-ақ қоғам мен тұтастай экономика өркендеуі тұрғысынан тиімді пайдалана отырып, бұл ретте қоршаған орта үшін залалды барынша азайта отырып, өзі үшін де, бүкіл әлем үшін де пайданы ұлғайта отырып, қанағаттандыратын процесс.

Өзгелердің жаңалығы