ТМД-ның бейресми саммиті Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинянның қатысуынсыз өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев Ақтау маңындағы әуе апаты туралы хабардан кейін Санкт-Петербургтен еліне кеткен.
Ал Никол Пашинянда коронавирус анықталып, ол өзін-өзі оқшаулады. Ертең ол ЕАЭО отырысына онлайн қатыспақ.
РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков саммит бағдарламасының өзгермейтінін айтады.
Саммитте Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері жыл қорытындыларын шығарып, интеграциялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылайды.