ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 58 бақылаушысы референдумды қадағалап отыр

ТМД Парламентаралық Ассамблеясында барлығы 58 халықаралық бақылаушы бар.

 Арман Мухатов  Кеше 2026, 08:34
Кеше 2026, 08:34
190

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының Бас хатшысы Дмитрий Кобицкий халықаралық бақылаушы ретінде референдум барысын бақылауға қатысып жатыр. Дауыс беру учаскелерін аралап, процестің ашықтығы мен заң талаптарына сәйкес өтуін қадағалауда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТМД Парламентаралық Ассамблеясында барлығы 58 халықаралық бақылаушы бар. Оның 35-і Қазақстанда бақылау жүргізіп жатса,  23 бақылаушы шет мемлекеттерде орналасқан дауыс беру учаскелеріндегі референдум барысын қадағалауда.

Бақылаушылар референдумның ұйымдастырылу деңгейін, дауыс беру рәсімдерінің заң талаптарына сәйкестігін және учаскелердегі жұмыстың ашықтығын бақылап отыр.

Наверх