ТМД елдері Ішкі істер министрлері Кеңесінің кезекті отырысы өтті

1 Маусым 2019, 10:14
2872
Бөлісу:
ТМД елдері Ішкі істер министрлері Кеңесінің кезекті отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында ТМД қатысушы-мемлекеттері Ішкі істер министрлері Кеңесінің (ІІМК) кезекті отырысы өтті.

Аталған отырысқа Достастық елері ішкі істер министрліктерінің, ТМД қатысушы-мемлекеттер аумағындағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы және басқа да қауіпті қылмыс түрлерімен күресті үйлестіру бюросы (ТМД ҰҚҚКБ), Атқару комитеті, сондай-ақ ТМД Терроризмге қарсы күрес орталығының басшылары қатысты.

ТМД елдері Ішкі істер министрлері Кеңесінің кезекті отырысы өтті

Бұл шараға Қазақстаннан Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев бастаған ІІМ делегациясы барды.

Отырысқа қатысушылар ТМД қатысушы-мемлекеттері ІІМ-нің (Полиция) жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұру және елдеріндегі қауіпсіздікті сақтау саласындағы ынтымақтыстық пен өзара іс-әрекеттерінің басты мәселелері мен қылмысқа қарсы күрес бойынша мемлекетаралық бағдарламаның орындалу барысы талқылады.

Кеңес мүшелері Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы-мемлекеттері ішкі істер министрліктерінің (Полицияның) 2030 жылға дейінгі басты ұстанымдарды, міндеттерді, ынтымақтастық бағытын анықтайтын ынтымақтастық Тұжырымдамасын және жаңа кезеңдегі ТМД қатысушы-мемлекеттері ІІМ-нің өзара іс-әрекеттерінің үлгісін мақұлдады.

ТМД елдері Ішкі істер министрлері Кеңесінің кезекті отырысы өтті

Кеңес Біріңғай тәртіпті, сондай-ақ кешенді келісімдерді және ТМД қатысушы-мемлекеттері ІІМ-нің жедел алдын алу шараларын өткізу Тәртібін бекітті.

Делегация басшыларын Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.М. Мирзиёев қабылдады. Ол өз кезегінде ішкі істер министрліктерінің/полицияның ТМД аясындағы қылмыспен күресте одан әрі ынтымақтастықтың қажеттігіне тоқталды.

Ішкі істер министрлерінің кездесуі өзара түсіністік пен құрмет, достық аясында өтті.
Өзгелердің жаңалығы