ТМД елдері енді кеңес дәуіріндегі өнертабыс құпияларын сақтамайтын болды

6 Желтоқсан 2023, 11:48
666
Бөлісу:
ТМД елдері енді кеңес дәуіріндегі өнертабыс құпияларын сақтамайтын болды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Мәжіліс депутаттары 1999 жылғы 4 маусымда Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданылысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заң жобасын Әділет министрі Азамат Есқараев таныстырды.

Келісімге 1999 жылғы 4 маусымда Минск қаласында ТМД үкімет басшылары қол қойды. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы жетінші мамырдағы № 190 Заңымен ратификацияланды.

Келісімнің мақсаты құпия өнертабыстар туралы мәліметтердің құпиялығын қамтамасыз ету, бұрынғы КСРО-да жасалған құпия өнертабыстарды құпиясыздандыру тәртібін айқындау болатын. Келісімнің ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде қолданылу мерзімінің барлық кезеңінде КСРО-да жасалған құпия өнертабыстарға қорғау құжаттарын беруге бірде-бір өтініш берілмеген. Сондай-ақ құпия өнертабыстарды құпиясыздандырудың бірде-бір жағдайы тіркелмеген, - деді министр.

Сонымен қатар өнертабыстарды қорғау мерзімі 20 жылды құрайтынын атап өткен жөн. Бүгінгі күні КСРО-да жасалған барлық өнертабыс бойынша қорғау құжаттарының әрекет ету мерзімі өтіп кетті.

Осыған байланысты ТМД Атқару комитетімен Келісімді маңыздылығының жоқтығына байланысты қолданысын тоқтату туралы мәселе көтерілді. Қазақстан Республикасы Келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттамаға 2020 жылғы 8 желтоқсанда қол қойды, - деп таныстырды Есқараев заңды.

Өзгелердің жаңалығы