ТМД елдері электр энергетика саласында тәжірибе алмасты

14 Шілде 2022, 11:15
1721
Бөлісу:
ТМД елдері электр энергетика саласында тәжірибе алмасты
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов ТМД электр энергетикалық кеңесінің 60 жылдық мерейтойлық отырысында айтты.

Бүгінгі энергетикалық кеңесте елдердің энергетиктері өзара тәжірибе алмасады. Біздегі өзекті мәселелер декорбанизация мәселесі. Себебі әрбір мемлекет жаңартылған энергия көздерін дамытып жатыр. Оның кедергілері де бар. Оны қалай шешіп жатыр және қандай жобаларды жүзеге асырып жатқаны бойынша тәжірибе алмасамыз. Электр энергетикалық кеңестің тұрақты органы бар. Олар белгілі бір ережелерді әзірлейді. Оларды да талқылап өтеміз. Стандарт орнатамыз ба, қандай мәселені зерттеу керегін осы жерде талқылаймыз, - деді Нұрмағанбетов. 

Ол атағандай, цифрландыру мәселесі де күн тәртібінде тұр.

Оны да әр ел өзінше пайдаланады. Электр энергиясын цифрландыру нені қажет ететінін талқылаймыз. Әр мемлекеттің деңгейі әртүрлі болады. Біз 2030 жылға дейін 15 пайыз деп көздеп отырмыз. Оның 70 пайызы көмір генерациясымен өндіріледі. Оған маневрлық қуат жетіспейді. Оны Ресейден бе, Орта Азиядан аламыз ба? Оған қанша қаражат кетеді деген мәселені осы отырыста талқылаймыз, - деді ол. 

Отырысқа  Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Әзербайжан, Қырғыз, Армения, Беларусь, Молдова, Тәжікстан, Өзбекстан, сондай-ақ Түрікменстан өкілдері қатысты. 

Өзгелердің жаңалығы