ТМД Денсаулық сақтау министрлері өзара ынтымақтастықты тереңдетеді

25 Наурыз 2023, 16:45
787
Бөлісу:
ТМД Денсаулық сақтау министрлері өзара ынтымақтастықты тереңдетеді
Фото: t.me/DenMinPR

«Дені сау қоғам» форумы аясында  «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің денсаулық сақтау жүйелерінің басымдықтары» атты пленарлық сессиясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлері, ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері, медициналық ұйымдардың басшылары, ғалымдар және сарапшылар қатысты.

Пікірталас алаңында бейінді ведомстволардың басшылары денсаулық сақтаудың бастапқы буынын жаңғырту, денсаулық сақтау жүйесін медицина кадрларымен қамтамасыз ету, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, биотехнология, генетика, цифрлық трансформация, жасанды интеллектіні дамыту, вакциналар мен заманауи дәрілік препараттарды жасау сияқты стратегиялық маңызды салалардағы технологиялық егемендік мәселелері сияқты бағыттарды қозғады.

ТМД Денсаулық сақтау министрлері өзара ынтымақтастықты тереңдетеді

Пленарлық сессия аясында осы бағыттардағы ТМД елдерінің өзара іс-қимылының жалпы векторлары айқындалды.

Форумның қорытындысы бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің министрлері қол жеткізілген уағдаластықтарды бірлесіп іске асыруға дайындығын растады.

Сессияда сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният халық үшін бастапқы буын қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында МСАК-ты дамытудың басымдығын белгіледі. Оның айтуынша, бұл бағытта мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауымен ауылдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын кеңейту, МСАК учаскелік мультидисциплинарлық бригадаларын құру, амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету көлемін ұлғайту, ауыл тұрғындары үшін скринингтердің тізбесін кеңейту сияқты бірқатар пәрменді шаралар қабылдануда.

Өз сөзінің соңында Ажар Ғиният практикалық іске асырумен сындарлы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ ресейлік әріптестерін 2023 жылдың қазан айында Қазақстанда күтілетін МСАК бойынша Астана декларациясының 45 жылдығына және 5 жылдығына арналған МСАК бойынша Жаһандық конференцияға қатысуға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы