ТМД байқаушылары үгіт-насихат кезінде заң бұзушылыққа жол берілмегенін айтты

Шетелдік байқаушылар еліміздегі сайлауалды үгіт-насихат кезінде заң бұзушылықтарға жол берілмегенін айтты. Бұл туралы ОСК-да өткен баспасөз мәслихатында ТМД бас хатшысының орынбасары Леонид Анфимов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

16 Наурыз 2023 2023, 19:24
 Артём Чурсинов  16 Наурыз 2023 2023, 19:24
16 Наурыз 2023 2023, 19:24
1366

Шетелдік байқаушылар еліміздегі сайлауалды үгіт-насихат кезінде заң бұзушылықтарға жол берілмегенін айтты. Бұл туралы ОСК-да өткен баспасөз мәслихатында ТМД бас хатшысының орынбасары Леонид Анфимов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біздің миссиямыз, кейбір миссиялар секілді«қателік» іздеу үшін, не сайлау комиссиясының, соның ішінде ОСК-ның жұмысын тиімсіз етіп көрсететін іспен айналыспайды. Біз ешқандай заң бұзушылық таппадық және үгіт-насихат науқанын жүргізуде, депутаттыққа кандидаттарды ұсыну кезінде, сайлауалды бәсекеде заңсыздыққа жол берілгені жөнінде ақпаратымыз жоқ. Бәрі тиісті деңгейде жүріп жатыр, - деді ТМД Миссиясының басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда сайлау 19 наурызда өтеді.

Наверх