Өткен жылы Ауғанстанда 2 мыңнан аса адам қаза тапқан

5 Қаңтар 2020, 10:19
1847
Бөлісу:
Өткен жылы Ауғанстанда 2 мыңнан аса адам қаза тапқан

Алматы, BAQ.KZ.  Ауғанстан ІІМ-і 2019 жылы талибтердің шабуылынан елде 2,2 мың бейбіт тұрғын қаза тапқанын мәлімдеді.

Ведомства таратқан мәліметте, «Талибан» лаңкестік қозғалысы өткен жылы көп шабуыл жасағаны айтылады, оның ішінде өзін жарып жіберетіндер мен партизан шабуылшылардың саны артқан. Нәтижесінде 2219 бейбіт тұрғын қаза тауып, 5172 адам жарақат алған.

Ауғанстан ІІМ-гі мәлімдемесінде бейбіт тұрғындарға қарсы жасалған террактіні айыптап, оны әскери қылмыс деп атаған.

Талибтер Ауғанстан қауіпсіздік күштері мен осы елде жүрген НАТО коалиция жасақтарына жиі шабуыл жасап тұрады. Нәтижесінде бейбіт тұрғындар қаза тауып, зардап шегуде.
Өзгелердің жаңалығы