Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облыстық сотының Азаматтық істер бойынша алқа төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеуді басталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаменті басшысының орынбасары Данияр Ақуан айтты.
Брифинг барысында ол агенттіктің жедел-тергеу қызметінің өткен аптадағы нәтижелері туралы айтып өтті.Қарағанды облысы бойынша департамент облыстық прокуратурамен бірлесіп, аталған облыстың Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысына, оның орынбасарына және Қауіпсіздігі барынша төмен АК-159/20 мекемесінің бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, олар облыс аумағындағы төтенше жағдай және енгізілген карантин кезеңінде сотталған "К"-ға қатысты жазасын өтеу режимін босаңсытуға жол берген,-деді ол.
Сондай-ақ, ол Түркістан облыстық сотының Азаматтық істер бойынша алқа төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын айтты. Ол азаматтық іс бойынша соттың оң шешімін шығаруы үшін банкроттық басқарушыдан 300 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген.
Сонымен қатар, Алматы облысы бойынша департамент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аталған облыстағы департаментімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Десанттық-шабуылдау бригадасының "№32363 әскери бөлімінің" командирі мен оның тыл жөніндегі орынбасарын әшкереледі. Олар РММ-нің жеке құрамын тамақтандыру қызметтерін ұсыну бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезіндегі жарлы қамқорлығы үшін ЖШС өкілінен жалпы сомасы 1 млн теңге көлемінде пара алуда күдікке ілінді,-деді ол.
Ал, Қызылорда облысы бойынша департамент аталған облыстың Жастар саясаты жөніндегі басқармасының бұрынғы басшысына және бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асып жатқанын айтты. Олар 2017 және 2018 жылдар аралығында асырып көрсетілген жалақы мен сыйлықақыны заңсыз аудару жолымен жалпы сомасы 12,6 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған.
Павлодар облысы бойынша департамент Павлодар облыстық адвокаттар алқасының адвокатын әшкереледі, ол азаматты пара беруге азғыра отырып, алдау жолымен 2 млн теңге мөлшеріндегі ақша қаражатын иеленген. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент аталған қала әкімдігінің ведомствоға бағынысты ұйымы болып табылатын ЖШС-ларының бірінің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады,-деді Данияр Ақуан.