Тісжегіден қорғайтын азық-түлік түрлері аталды

30 Қазан 2023, 14:02
673
Бөлісу:
Тісжегіден қорғайтын азық-түлік түрлері аталды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Нутрициолог тістерді кариестен қорғайтын қасиеттері бар азық-түліктерді атап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Негізі тістер тәттіге тым құмарлықтан емес, пайдалы микроэлементтердің тапшылығынан бұзыла бастайды. Яғни тістердің бұзыла бастауының бастапты себебі - адамдардың тамақтануында дейді нутрициолог Виктория Ульянчик.

Маманның сөзінше, заманауи адам өңделген азық-түлікті тым көп тұтынады. Оның ішінде шұжық, жартылай фабрикаттар және т.ю. Оларда пайдалы микроэлементтердің жоқ екені баршаға мәлім. Сонымен қатар адамдар тамақ рационында ағзаға тез сіңірілетін көмірсуға бай ұннан жасалған тағамдармен көп тамақтанады. 

Ульянчиктің сөзінше, мұндай тағамның пайдасынан зияны көп. Ол қант кариестің пайда болуының бастапқы себебі емес екенін де айтып өтті.

Тағам сарапшысы өз сөзінде тістерге көбірек кальций мен фосфор қажет екенін айтты. Себебі олар сүйек тінін қалыптастыратын материалдардың бірі. Ал бұл минералдардың ағзада дұрыс сіңуі үшін A, D, E және K дәрумендері қажет.

Кальцийдің негізгі көзі - түрлі шөптер, жасыл түсті көкөністер, Қытай орамжапырағы, күнжүт, анчоус және т.б. Нутрициологтің айтуынша, егер осы азық-түлікті күнделікті тұтынса, адамға қосымша кальций мен фосфорды ішудің қажеті жоқ.

Майда еритін дәрумендердің көзі ретінде тек сапалы майларды тұтынған дұрыс. Мәселен, балық, уылдырық, жұмыртқа, сүйек сорпасы сынды тағамдар, - деді ол «Лента.ру» порталына берген сұхбатында.

Өзгелердің жаңалығы