Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанда қандай медициналық препараттар жиі бұрмаланатынын айтты.
Оның айтуынша, қазақстандық нарық адал импорттаушылар үшін ғана емес, сондай-ақ бұрмалаушылар үшін де тартымды болып отыр.«Тәжірибе көрсетіп отырғандай, Ресей Федерациясында анықталған жалған өнімдердің басым бөлігі біздің елге де келеді. Белгілі еуропалық компаниялардың жалған дәрілері елге тікелей келісімшарттар бойынша емес, кері экспорт арқылы, оның ішінде көрші елдерден келіп түседі. Көбінесе гипертония, қандағы холестеринді азайту, асқазан-ішек ауруларын емдеу үшін қолданылатын қымбат дәрілер бұрмаланады. Бірнеше жыл бұрын «Клопидогрел» (Clopidogrel) препаратының жасанды түрі анықталды», - деп айтты комитет төрағасы.
Ол жалған дәрілер туралы ақпарат комитетке нарықтағы өндіруші зауыттардан келіп түсетінін айтты.
«Біздің комитет қызметкерлері тексерулер жасап, аталған фактілерді анықтап, әкімшілік шара қолданады. Соңғы үш жылда елде тіркелмеген жалған препараттардың айналымы артып келеді. Осындай 61 жағдай анықталды. Сондықтан мұндай фактілерді уақытында анықтау үшін бізге шекті бағаның дұрыстығы, босату, соның ішінде тіркелмеген препараттарды босату фактілері ретінде реттеуге мүмкіндік беретін рецептуралық босатуды бақылауды күшейту қажет», - деп айтты Бюрабекова.