Тимур Жұмырбаев министрдің кеңесшісі болды

26 Наурыз 2021, 14:35
2501
Бөлісу:
Тимур Жұмырбаев министрдің кеңесшісі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кадрлық өзгерістерге байланысты Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Тимур Жұмырбаев «Adaldyq alany» жобасының жетекшісі - Ақпарат және қоғамдық даму министрінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. 

«Adaldyq alany» жобасының кураторы ретінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы Серік Егізбаев белгіленді.

Тимур Жұмырбаев 1998 жылы 9 қыркүйекте Қарағанды ​​облысы, Жезқазған қаласында дүниеге келген.

Ол оқуды Пекиннің Саясат және құқықтану колледжін (Қытай) Халықаралық экономикалық құқық мамандығы бойынша бітірді. 

Қазір Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Халықаралық қатынастар факультетінің шығыстану бакалаврына оқып жатыр. 

Қазақстан халқы Ассамблеясындағы «Жарасым» республикалық жастар ұйымының жетекшісі.

«Жезқазған. Тарихтағы тұлғалар» кітабының авторы.

Тимур Жұмырбаев 2016 жылы Қарағанды ​​облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының «Шаңырақ» жастар ұйымын басқарды. 

2018 жылы «Жаңғыру жолы» ҚХА Республикалық жастар қозғалысы төрағасының орынбасары болып сайланды. 

Естеріңізге сала кетейік, Елбасының бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңселер бүкіл ел бойынша ашылып, жұмыс істеп жатыр.

Бүгінде АҚДМ «Adaldyq alany» жобасы мемлекет пен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күш-жігерін біріктіретін бірегей платформа ретінде қызмет жасап тұр.

АҚДМ сенім телефоны - бұл «Adaldyq alany» жобалық кеңсе жетекшісінің, Ақпарат және қоғамдық даму министрінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Тимур Жұмырбаевтың жеке байланыс нөмірі: +7 777 051 6694.

«Adaldyq alany» жобалық кеңсесінің электрондық адресі: adaldyqaqdm@qogam.gov.kz

Өзгелердің жаңалығы