Тимур Турлов енді Дональд Трамптан байырақ

2 Сәуір 2025, 12:32
4293
Бөлісу:
Тимур Турлов енді Дональд Трамптан байырақ
Фото: instagram.com/timurturlov

Forbes мәліметінше, 2024 жылы Тимур Турлов пен Дональд Трамптың әрқайсысының байлығы 4 миллиард доллардан аз болса, 2025 жылы олардың капиталы 5 миллиард доллардан асты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

forbes.kz жазуынша, АҚШ президенті Дональд Трамптың байлығы 5,1 миллиард доллар деп бағаланды. Бұл сома қазақстандық кәсіпкер, Freedom Holding Corp. акционері Тимур Турловтың байлығынан аз. Турлов 2025 жылы Forbes World's Billionaires жаһандық миллиардерлер тізіміне енді және Қазақстанның ең бай адамдарының қатарына кірді.

Трамптың капиталы бір жылда 1,2 миллиард долларға өсті – 2024 жылы оның байлығы 3,9 миллиард доллар болса, 2023 жылы 2,6 миллиард долларды құраған. Осылайша, ол соңғы екі жылда байлығын екі есеге жуық арттырды.

Трамп алдымен шығынға ұшыраған Truth Social әлеуметтік желісінің акцияларын сатты (платформа Trump Media & Technology Group-қа тиесілі). Соның нәтижесінде оның үлесі жылжымайтын мүлкінің жалпы құнына тең дәрежеде қалды. Кейін криптовалюта жобаларын белсенді түрде насихаттай бастады, бұл оған жүздеген миллион доллар көлемінде өтімділік әкелді. "Патша болу – тиімді кәсіп", – деп жазады Forbes.

Forbes Trump Media & Technology Group-ты "АҚШ-тағы ең абсурдты компаниялардың бірі" деп атады және бұл пікірін қаржылық көрсеткіштермен дәлелдеді:

  • 2024 жылы компанияның сатылым көлемі небәрі 3,6 миллион доллар болды,
  • Ал таза шығыны 401 миллион доллар құрады,
  • Жылдық кірісі 12%-ға төмендеген.

2025 жылдың наурызына қарай Трамптың қазіргі байлығы – оның бүкіл мансабындағы ең жоғарғы көрсеткіш. Бұған дейін ол 2015 жылы 4,5 миллиард доллар капиталына ие болған.

Ал Тимур Турловтың байлығы 2025 жылы 5,8 миллиард долларға жетті (2024 жылы – 3,3 миллиард доллар).

Турловпен бірге Forbes Kazakhstan тізіміндегі бірқатар қазақстандық кәсіпкерлер жаһандық миллиардерлер қатарына енді:

  • Kaspi.kz құрылтайшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе,
  • KAZ Minerals акционері Владимир Ким,
  • Halyk Bank иелері Тимур және Динара Құлыбаевтар,
  • ForteBank мажоритарлық акционері Булат Өтемұратов.

Олардың байлығы қаншаға бағаланғанын мына жерден оқи аласыз.

Өзгелердің жаңалығы