Бас көлік прокуратурасы 2024 жылғы жұмысын қорытындылап, алқа отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Көлік прокурорларының жұмысы нәтижесінде 2024 жылы мемлекетке бұрын заңсыз шығарылған бірқатар активтер қайтарылды.
Мемлекет меншігіне ТЭК–Қазақстанның 54 объектісін беру аяқталды, бұл отын қоймалары, ғимараттар мен құрылыстар, негізгі құралдардың басқа да топтары. «Қорғас» ШЫХО мүлкін қайтару қамтамасыз етілді, яғни багаж терминалы және жер учаскесі, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін "ТЭК-ҚАЗАҚСТАН" компаниясы "Кипрос" ЖШС және "Joint Technologies" ЖШС арқылы Тимур Құлыбаевтың бақылауында болған деген ақпарат жарияланған еді.