Америкалық әнші Дженнифер Лопес 10 тамызда Алматыда өткен концерті кезінде болған күлкілі жағдайды еске алды. The Tonight Show Starring Jimmy Fallon бағдарламасына берген сұхбатында әртіс сахнада ән айтып тұрған сәтте өзіне үлкен шегірткенің секіріп түскенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әуелі мен бұл жай ғана ұсақ маса шығар деп ойладым – прожектордың жарығы жәндіктерді өзіне тартып тұрады ғой. Бірақ кейін бір нәрсенің үстіммен жорғалап бара жатқанын сездім. Қолыммен қағып жібергенде, оның алып екенін байқадым – тікұшақтай еді! – деп әзілдеді әнші.
Концерт кезінде болған бұл сәттің видеосы әлеуметтік желілерде тез тарап, вирусқа айналды.
Бұған дейін әлемдік мегажұлдыз Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертінде күтпеген оқиға болғанын хабарлаған едік. Ән айтып тұрған әншінің мойнына шегіртке шығып алған.
Оқи отырыңыз: