Тікелей эфирде 12 балалы анаға 5 бөлмелі үйдің кілті берілді

4 Наурыз 2019, 18:25
3174
Бөлісу:
Тікелей эфирде 12 балалы анаға 5 бөлмелі үйдің кілті берілді

Астана, BAQ.KZ. «Qazaqstan» Ұлттық арнасында 4 наурыздан бастап жаңа форматта шыққан «SHAŃYRAQ» ток-шоуының бірінші кейіпкері, Шымкент қаласының тұрғыны 34 жасар Айсұлу Жәлелқызы болды.

12 баласы бар ана студияға 3 қызымен келіп, бағдарлама барысында өзінің отбасылық мәселелерін ортаға салып, өміріндегі қиындықтарымен бөлісті. Қазіргі кезде көп балалы ана жұмыссыз, жолдасының да нақты жұмысы жоқ. Отбасы жалдамалы 1 бөлмеде тұрады, 4 баласын интернатқа берген.

Бағдарлама соңында «Харекет» қайырымдылық қорының өкілі Төребай Асқарұлы көпбалалы анаға бес бөлмелі үйдің кілтін табыс етті.

Отбасылық-әлеуметтік «SHAŃYRAQ» ток-шоуы «Qazaqstan» ұлттық арнасында дүйсенбі-жұма аралығында 14:25-те тікелей эфирде шығады.

Өзгелердің жаңалығы