Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тағы Қазақстан елшісі Ержан Қазыханов "The Washington Time" басылымында еліміздің коронавирусқа қарсы әрекеті туралы жазып, оны Орталық Азиядағы антипандемиялық модель деп атады.
Жаңа коронавирус бүкіл әлемге тарады және Қазақстан бұл індеттен шет қалған жоқ. Көптеген адамдар үшін қиын кезең орнады. Кейбір адамдар уақытша болса да, табысы мен қызметін жоғалтты. Ал, енді бірінің жағдайы тіпті қиындады. Басқа түскен қиын шақта ел үкіметі өз азаматтарын инфекциядан қорғау және оларға вирус салдарынан туындаған экономикалық проблемаларды жеңуге көмектесу үшін бірқатар қадам жасады. Бұл ретте Қазақстан тұтас Орталық Азия аймағында көшбасшы ел саналады, - деп жазды елші.Сондай-ақ, ол "The Washington Time" басылымында індетпен күресте Мемлекет басшысының табанды еңбегі туралы жазған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев індеттің таралуының алдын алу және Қазақстан экономикасын қолдау үшін табанды еңбек етті. Бүгінгі таңда бұл екі қадам айтарлықтай дәрежеде іске асты. Қазақстанда COVID-19 пандемиясы әлемнің өзге елдеріндегі сияқты геометриялық прогрессиямен өсіп жатқан жоқ. Президенттің қолға алған шараларыа Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен басқа да халықаралық сарапшылар оң пікір берді.
Вирустың таралуының баяулау себебі – үкімет әу бастан жылдам әрекет етті. Қатаң карантиндік шаралар ертерек енгізілді. Қоғамдық көлік тоқтатылды, көптеген ұйымдар мен мекемелер қашықтан жұмыс істеу режиміне көшті, ал көшелер мен тұрғын үй-жайлар үнемі дезинфекцияланып отырды. Зардап шеккен азаматтар өздеріне қажетті көмекті уақытында алды. Бұл әрекеттер елде вирустың таралуын айтарлықтай баяулатты, - делінен мақалада.